Жолда қалған 55 өзбек азаматы Достық ауылының мектебіне орналастырылды

728

Жолда қалған 55 өзбек азаматы Достық ауылының мектебіне орналастырылды

Павлодар облысында жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Полиция ведомствосының мәліметінше, Павлодар-Қызылорда автожолында Достық ауылы маңында 55 жолаушысы бар автобус сынып қалған, олардың бәрі Өзбекстан азаматтары екен.

Оларға көмекке жергілікті полиция қызметі аттанып, тоңып қалған жолаушыларды Достық ауылының мектебіне орналастырды. Жолаушыларға ас-су беріп, екінші автобуспен Ресей шекарасына жеткізіп салған, ал ол жерде ресейлік автобус Өзбекстан азаматтарын әрі қарай алып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу