Ресейге жолаушылап бара жатып, жолда қалған шетелдіктер құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қайырақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстан Республикасынан Ресейге бара жатқан рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті.
"Автобуста 70 жолаушы, оның ішінде 4 бала болған. Техникалық ақаулықтан дизель жанармайы қатып, көлік құралы жүре алмаған", – дейді ведомство.
Оқиға орнына құтқарушылар мен жергілікті әкімдік мамандары барған.
Олар жылыту құралымен жанармайды жылытып, аккумуляторды іске қосқан. Жолаушылар сапарын жалғастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу