Ақмола облысында жолда қалған 52 Тәжікстан азаматы құтқарылды

704

Ақмола облысында жолда қалған 52 Тәжікстан азаматы құтқарылды

Бүгін Бұланды ауданы Алакөл ауылынан 1 шақырым қашықтықта "Астана-Петропавл" автожолының 140-шы шақырымында, "Мерке-Екатеринбург" бағытына жүріп бара жатқан "Ванхол" маркалы жолаушылар автобусы сынып қалды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Бұланды ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ақауы бар жолаушылар автобусынан Бұланды ауданының "Алакөл негізгі мектебі" КММ жылыту пунктіне 54 жолаушы эвакуацияланды. Оның ішінде 52-сі Тәжікстан Республикасының азаматы, 1-еуі Ресей Федерациясының азаматы және 2 жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматы.

Эвакуацияланғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қазіргі уақытта автобус Алакөл жол эксплуатациялық кәсіпорны жол жөндеу және құрылыс бөлімі-87 жөндеу жұмыстарына арналған жылы боксқа жеткізілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдарының жеке құрамынан 4 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола облысы ТЖД алыс жолға дайын емес техникамен және сапасыз отынмен елдімекендердің сыртына шықпауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу