Қарағанды облысының Абай ауданы маңында автобус сынып, қыстың көзі қырауда 32 жолаушы жолда қалды, деп хабарлайды 24.kz.
Олардың барлығы да Сургуттан Бішкек қаласына бет алған Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары екен.
Құтқарушылар оларды жол бойындағы дәмханаға орналастырып, ас-ауқат берді. Дәрігерлік көмек қажет болмады. Бірер сағаттан соң 20 адам жолдан көлік тоқтатып, мініп кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу