ҚазАвтоЖол қызметкерлері республикалық трассаларды патрульдеу барысында жол бойында бұзылып тұрған көлікті байқап, тексеріс жүргізген.
"Астана-Көкшетау" тасжолының 83 шақырымында 16 жолаушы мінген автобус техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған.
Автобуста Тәжікстан елінің 16 азаматы болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Тәжікстанға бет алған.
Жолшылар сынған автобусты қауіпсіз жерге сүйреп апарып, жолаушыларды қонақүйге жеткізді.
Автобус жөндеу жұмыстарынан кейін сапарын жалғастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу