Жолдағы ереже әуеден бақыланады

337

Жамбыл облысындағы жол сақшылары күре жолдағы тәртіпті дронмен түзеуге көшті.

Жолдағы ереже әуеден бақыланады Фото: Ашық дереккөзден

Мұндай ноу-хаудың құны да департамент үшін арзанға түспепті. Әрбірінің құны 10 млн теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әйтсе де, әуе аппараты арқылы небәрі 3 тәулікте 2500 тәртіп бұзушылық анықталған. Барлығы дерлік дрон арқылы әп сәтте таспаға іліккен. Тас жолда тәртіп бұзғандардың дені қарсы бетке кенет шыққандар дейді полицейлер. Бас-аяғы 3 аппаратқа 30 млн теңге жұмсалған. Құзырлы қызметтің мұндай әуе әдісіне қыруар қаржы жұмсауына да себеп көп. Әуелгісі  жол апаты. Кейін әйгілі Шудағы қарасора алқабын қадағалау. Мұнан өзге арнайы операцияға да таптырмас құрал көрінеді. Ұшу ұзақтығы да бақандай 2-3 сағатқа барады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу