"Жолдағы келеңсіздіктер демографияға қатер төндіріп отыр"

997

Сыбайлас жемқорлық және жүргізуші куәлігін алудың оңайлығы, инфрақұрылымның әлсіздігі, қала сыртындағы күре жолдарда дәрігерлер мен полицейлердің жетіспеушілігі – жол-көлік оқиғаларында көптеген авариялар мен адамдардың қаза табуына әкеп соғады. 

"Жолдағы келеңсіздіктер демографияға қатер төндіріп отыр"

Сенатор Ақмарал Әлназарова осы саладағы күрделі жағдайға наразылық білдірді. Ол Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға көмектесетін нақты шаралар туралы айтты.

Сенатордың мәліметінше, өткен жылдың өзінде ЖКО-да 40 593 зардап шегуші тіркелген, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 30%-ға жоғары. Депутаттың пікірінше, бұл жол инфрақұрылымының сәйкес келмеуінен, жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі бақылаудың нашарлығынан, полицейлердің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі практикалық дағдыларының жеткіліксіздігінен болып отыр. Жолдардағы осындай жағдайдың бәрі елдің демографиялық дамуына қауіп төндіреді.

"Жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім бойынша әлемдік рейтингте 100 мың тұрғынға шаққанда Қазақстан 10,4 қаза тапқандардың көрсеткішімен 107-орында тұр. Халықаралық сарапшылар жол-көлік оқиғаларынан болатын еліміздің экономикалық шығындары жалпы ішкі өнімнің 3% көлемінде деп бағалаған, соңғы 5 жылда 1 971 адам", – деді сенатор. 

Ақмарал Әлназарова жол-көлік жарақатының алдын алатынымызға сенімді, бірақ бұл жүйелі және кешенді шараларды талап етеді. Жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығының басымдығы және қатерді азайту жол жүрісінің негізгі қағидаты болып қалуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу