Жолдар жабық, Шымкенттен өзге өңірдің бәрінде дауылды ескерту жарияланды

1372

30 наурызда Қазгидромет мәліметтері бойынша Шымкент қаласынан басқа өңірдің бәрінде дауылды ескерту жарияланды. Осы өңірлерде қар және жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күйшейюі ықтимал.

Жолдар жабық, Шымкенттен өзге өңірдің бәрінде дауылды ескерту жарияланды

ТЖ министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс жасайды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адамды, оның ішінде 312 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ,ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.

Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды, 15 телерадиоэфирмен қармау жүргізілді.

Қазіргі уақытта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар.

Блок-бекеттерде 1 434 бірлік техника, оның ішінде 946 бірлік жеңіл, 482 бірлік жүк және 6 автобус тұр: Ақмола облысында – 735 бірлік техника (547 жеңіл және 188 бірлік жүк), Қарағанды облысында – 532 (жеңіл-318, жүк – 208 және 6 автобус), Қостанай облысында – 57 бірлік техника бар техникалық бірлік (жеңіл-35, жүк-22), Павлодар облысы - 110 бірлік техника (жеңіл-46, жүк-64).

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты дауылды желдің салдарынан шатырлардың бұзылуы мен ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.

ҚР ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады! ТЖ болған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз.

Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы тас жолдарына шығуды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет. Ағаштардан, тұрақсыз және сынғыш құрылымдардан аулақ болыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу