Атап айтқанда:
– 7-10 маусым аралығында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады;
– 7-13 маусым аралығында Шәмші Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі. Мұнда да көлік қозғалысы кезең-кезеңімен жолдың бір жағымен екі бағытта жүргізіледі;
– 7-8 маусым аралығында Домалақ ана көшесінің Қорғалжың тас жолынан Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскесі толығымен жабылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолды алдын ала жоспарлап, қозғалыс бағытындағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", – делінген әкімдік хабарламасында.