Жолдарда апатты жағдайлардың алдын алу бойынша жаңа әдістеме бекітілді

350

Прокуратура араласқаннан кейін Үкімет жоғарыда аталған орган туралы ережеге оның құзыретін кеңейтетін түзетулерді енгізген.

Жолдарда апатты жағдайлардың алдын алу бойынша жаңа әдістеме бекітілді Фото: freepik.com

Бір жыл бұрын прокуратура органдары үкімет алдында жол өлімінің жоғары деңгейіне өзінің теріс үлесін қосқан ұйымдық салалық проблемаларды белгіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңызды мәселелердің бірі "алтын сағат" қағидаты бойынша уақтылы медициналық-құтқару көмегін көрсету мүмкінсіздігі болды.

Осыған трассалық медициналық-құтқару пункттерінің (бұдан әрі – трассалық пункттер) ұтымсыз орналасуы ықпал етті.

Ел аумағында 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасының "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және жабдықталған 40 трассалық пункт іске қосылды.

Алайда, бүгінде кейбір трассалық пункттер шалғайдағы және аса қауіпті учаскелердің қасында белгіленудің орнына, медициналық резерві мен ауруханалары бар елді мекендерде орналасқан.

Трассалық пункттер бригадаларының 2021-2023 жылдары Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бір ай ішінде жекелеген ретте шығуы олардың тиімділігінің жеткіліксіздігін айқын растады.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі осындай пункттерді қайта орналастыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болмаған.

Прокуратура араласқаннан кейін Үкімет жоғарыда аталған орган туралы ережеге оның құзыретін кеңейтетін түзетулерді енгізген.

Нәтижесінде алғаш рет Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №60 бұйрығымен нормативтік құқықтық акт түрінде трассалық пункттерді орналастыру және қайта орналастыру бойынша орындарды айқындау әдістемесі бекітілді.

Енді трассалық пункттердің жұмысы кезінде халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың авариялық-қауіпті учаскелері туралы мәліметтер, жұмыстың қайталануын болдырмау үшін жедел медициналық жәрдем қызметтерінің орналасқан жері, ұялы байланыстың болуы және шұғыл ден қою үшін маңызды басқа да мәліметтер ескерілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу