Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтпек. Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің түрлі өңіріндегі полигондарға жеткізіледі.
"Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланады", – делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты, министрлік әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.