Биылғы жылы Қазақстанның жол саласын дамытуға республикалық бюджеттен 600 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай мәліметпен бөлісті.
"2022 жылға арналған жол саласын дамытуға республикалық бюджеттен 603 млрд теңге бөлінді", – деді министр.
Министрдің айтуынша, жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайтын 17 жоба 2024 жылға дейін аяқталуы тиіс. Биыл оның 1 мың шақырымы пайдалауға берілсе, қалған 3 мыңы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу