Жолдарды қардан тазалауға оңтүстік өңірлерден техника тартылады

1585

Қарағандыдан ақылы терминалға дейінгі Нұр-Сұлтан бағытындағы жол учаскесін тазарту күрделі болып тұр.

Жолдарды қардан тазалауға оңтүстік өңірлерден техника тартылады

Қарағанды облысында қар тазалау мәселесі күн тәртібінен түспеуде. Қар үйінділерін жоюға барлық күштер жұмылдырылған. Республикалық жолдарды тазалауға қосымша ауыр техника оңтүстік өңірлерден келеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Өңірде қысқы күтіп-ұстаумен 2800 шақырым республикалық жол қамтылған. Қазіргі уақытта біздің қызметіміз тәулік бойы жұмыс істеуде. Біз техниканың жетіспеушілігі мәселесін шешуге тырысып жатырмыз. Оңтүстік өңірлерден, Жамбыл және Түркістан облыстарынан қосымша "Қазақавтодор" техникасын тартамыз. Ауыр техника, шнекороторлар, қосымша механизаторлар осы өңірлерден көмекке келеді", – дейді "Қазавтожол" ҰК" АҚ облыстық филиалының директоры Серік Айдос.

Оның айтуынша, Қарағандыдан ақылы терминалға дейінгі Нұр-Сұлтан бағытындағы жол учаскесі қазіргі таңда аса күрделі болып отыр.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, осы аптада су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралау басталады.

"Өткен жылдарды ескерсек, бізде 170-тен астам елдімекен су тасқынына ұшырайды. Әрбір тармақ бақылауда. Қала және аудан әкімдері мұның бәрін жақсы біледі. Барлық мәселелерді алдын ала пысықтау керек. Қар шығару – күнделікті мониторингте", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу