Жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау үшін 142 мың текше метр құм және 25 мың тонна техникалық тұз дайындалды

299

1 870 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылды. 

Жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау үшін 142 мың текше метр құм және 25 мың тонна техникалық тұз дайындалды Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанда 4 жолақты жолдардың үлесі өсіп келеді. Бұл өз кезегінде қысқы кезеңге арналған техника санын көбейтуді талап етеді.

Бұл міндетті орындау үшін "ҚАЖ" қосымша 379 жаңа машина сатып алды, оның ішінде 245-і өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы, 25-і жол ақысы есебінен және 109-ы амортизациялық аударымдар есебінен алынды.

"Алайда, осы уақытқа дейін 1,1 мың машинаға деген қажеттілік бар. Осыған байланысты өнеркәсіпті дамыту қорына жеңілдікпен кредит беру арқылы техникамен толықтыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады", - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының ақпараты бойынша, жыл сайын еліміздің жолдарын күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржыландыру талап етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу