"Жолдардың сапасын тексеруде анықталған кемшіліктердің барлығы жыл аяғына дейін жойылады"

1203

Былтыр "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" Маңғыстау филиалы облыс көлемінде орналасқан 13 нысаннан тұратын республикалық маңыздағы автожолдарға 289 рет бақылау рейд жүргізді. 613 жол құрылыс материалдарының сынамалары алынды.   

"Жолдардың сапасын тексеруде анықталған кемшіліктердің барлығы жыл аяғына дейін жойылады"

Нәтижесінде, 108 сынама стандарттарға сәйкес келмей шығып, 42 кемшілік анықталды. Қазіргі кезде 9 кемшілік жойылған жоқ. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Маңғыстау филиалының зертхана меңгерушісі Сәкен Мұхтаров мәлімдеді.

Облыстық маңыздағы 5 нысаннан тұратын автомобиль жолдарына 2021 жылы 45 рет бақылау рейді жүргізілген. 434 сынама алынған. 49 сынама стандарттарға сәйкес емес және 11 кемшілік табылған. Соның екеуі әлі күнге түзетілген жоқ.

"Аудан деңгейінде маңыздағы 11 нысаннан тұратын автомобиль жолдарына өткен жылы 20 рет бақылау рейді жүргізілді. 189 сынама алынды. Нәтижесінде, 63 сынама стандарттарға сәйкес емес болып шықты. Ал қалалық маңыздағы 23 нысаннан тұратын автомобиль жолдарына 70 рет бақылау рейді жүргізілді. 602 сынамалар алынды. Соның 45-і стандарттарға сәйкес емес және 9 кемшілік анықталды. Бүгінгі таңда тек біреуі жойылды. Жолдардың сапасын тексеруде анықталған кемшіліктердің барлығы жыл аяғына дейін жойылады", – деді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Маңғыстау филиалының зертхана меңгерушісі Сәкен Мұхтаров.

Спикердің айтуынша, жол саласында маман тапшы екен. Ұлттық жол сапа орталығының барлық филиалында жол шеберлері, инженер-сметашы, зертханашы, жол инженерлері, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар жетіспейді. 2 жыл бұрын орталық бастамасымен "1 000 мектеп" акциясы қолға алынды.

Мақсат – мектеп бітірушілерді жолшы мамандықтарын таңдауына үгіттеу.

Соның шеңберінде 2021 жылы Маңғыстау облысында 101 мектептің 9-11 сынып оқушыларымен онлайн және оффлайн форматта кездесулер өтті. Ақтаудан басқа Мұнайлы, Түпқараған және Бейнеу аудандары қамтылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу