Жолдардың жабылуы: полицияға бағынбағандар жазаланады

535

Ауа райының қолайсыздығы туралы ескертпені елемеген көлік жүргізушілері  бір тәулікке қамалуы мүмкін.  

Жолдардың жабылуы: полицияға бағынбағандар жазаланады Фото: khabar24.kz

Ішкі істер министрлігі азаматтарға жолдағы жағдайды алдын-ала білуге және ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қоюдан сақтануға кеңес береді, деп жазады inbusiness.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде 3 және 4 қаңтарда 9 өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдың 79 учаскесінде көлік құралдарының қозғалысына шектеулер енгізілді. Мұндай жағдайда полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автокөліктің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда.

ІІМ мәліметінше, жеке жүргізушілер полицияның жол тосқауылдарындағы қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа-райында қауіпті учаскелерге шығып, өздеріне және жолаушыларына өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді.

"Осыған орай, ІІМ көлік құралдарының жүргізушілері  жабық жолдарға шықпау жөнінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жағдайларда  оларға 30 АЕК немесе 103 500 теңге айыппұл,  15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде  әкімшілік жауапкершілік қаралғанын ескертеді", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ауа райы жағдайы нашарлаған жағдайда автожолдардағы жағдай халыққа СМС-тарату, интернет-арналар және телерадио хабарлары арқылы алдын ала жеткізіледі.

Ауа-райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары, сондай-ақ "Қазавтожол" ҰК" АҚ байланыс орталығынан 1403 телефоны бойынша білуге болады.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу