Жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарға қосымша вагондар бөлді

859

Жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарға қосымша вагондар бөлді

Қолайсыз ауа райына байланысты және бірқатар жергілікті және республикалық маңызды жолдардың жабылуына орай  ұлттық тасымалдаушының қызметтері  тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Теміржолдың жолушы тасымалына жүктеменің өсетінін ескеріп жолаушыларды діттеген жеріне дер кезінде жеткізу үшін барлық шаралар қабылданған.

"Аса сұранысқа ие бағдарлар бойынша қосымша вагондар бөлінді. Атап айтқанда өткен демалыс күндері пойыздарға 60-тан астам қосымша вагон тіркеліп, 5 мыңнан артық жолаушы тасымалданды", – деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Көкшетау – Ерейментау, Атбасар – Астана бағыттары бойынша  қала маңында қатынайтын электрпойыздармен тас жолдардан  1300 адам жеткізілді. Тек 22 қаңтарда Көкшетау – Ерейментау электр пойызымен нормадан тыс  333 жолаушы, оның ішінде Бурабай курортынан – 55, Макинкадан – 114, Ақкөлден – 81, Елтай стансасынан 24 адам жеткізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу