Жолдардың жағдайына мониторинг жүргізетін цифрлық платформа әзірленіп жатыр

180

Оны қолданысқа енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.

Жолдардың жағдайына мониторинг жүргізетін цифрлық платформа әзірленіп жатыр Фото: canva.com

Алайда Премьер-министр Олжас Бектенов "E-Joldar" цифрлық платформасын осы жылдың соңына дейін пилоттық режимде іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында автожол саласындағы қолданыстағы цифрлық жүйелер негізінде "E-Joldar" бірыңғай цифрлық платформасы құрылатынын айтқан болатын.

"Платформа автомобиль жолдары бойынша ақпаратты жинау мен есепке алу жүйесін қамтиды және жол саласын дамыту үдерістерінің ашықтығын, жол активтерін сенімді түрде бақылау мен тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Платформа негізінде автожолдарды пайдаланушылар, белсенді азаматтар, жергілікті атқарушы органдар және жол активтерін басқаруға жауапты мамандар арасындағы қарым қатынас автоматтандырылады. Оны қолданысқа енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған",  деді ведомство басшысы.

Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов бұл платформаны пилоттық режимде іске қосуды тапсырды.

"Қазір "E-Joldar" цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Ол тек республикалық емес, сондай-ақ жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына да мониторингті қамтамасыз ететін болады. Көлік және Цифрлық даму министрліктеріне осы жылдың соңына дейін аталған платформаны пилоттық режимде іске қосуды тапсырамын", – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу