Жолдарға төрт түліктің макеттері орнатылуда

1370

Бұл шара жол оқиғаларының алдын алмақ.

Жолдарға төрт түліктің макеттері орнатылуда

Еліміздің республикалық және аймақтық деңгейдегі трассаларында үй жануарларының тұлыптары орнатыла бастады. Бұл шара ірі қара малының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға сеп болады деп күтіліп отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

"Ақтөбе облысында 5-11 мамыр аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу акциясы өтуде, соның аясында "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 39 және 74 шақырымдарына сиыр малының макеттері орнатылды", – деп хабарлайды Ақтөбе ПД баспасөз қызметінен.  

Нақтылай кетсек, тұлыптар түн мезгілінде жанып тұрады және жолдың неғұрлым қауіпті, жылдамдықты бәсеңдетуді талап ететін учаскелерінде ғана орнатылады. 
Бұған дейін осындай жұмыс Маңғыстау облысында жүзеге асқан. Ол жақта, климаттық ерекшеліктерге орай, жылқы және түйе малдарының тұлыптары қойылған. Қазіргі күні Ақтау-Жетібай, Жетібай-Шетпе, Шетпе-Сайотес, Сайотес-Бейнеу, Жетібай-Жаңаөзен, Ақтау-Құрық және Бейнеу-Боранқұл автожолдарында барлығы 13 муляж жол қауіпсіздігін сақтауға қызмет етіп тұрғаны белгілі болды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу