"Жолдасы Кореяға жұмысқа кеткен": Қырғызстанда 34 жастағы әйел 5 баласымен бірге тірідей жанып кетті

223

Ош қаласында қайғылы жағдай болды.   

"Жолдасы Кореяға жұмысқа кеткен": Қырғызстанда 34 жастағы әйел 5 баласымен бірге тірідей жанып кетті Фото: eltr.kg

Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 13, 11, 9, 6 және 2 жастағы балалары қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты

Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз орталығының мәліметінше, 22 қазан күні таңғы 05:52 шамасында Орозбеков көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Қызыл жалын тұрғын үйдің жертөлесінде сағат 03:30 шамасында тұтанып, қысқа уақыт ішінде шатырға дейін таралған.

Өрт сағат 06:25-те оқшауланды. Үйден әйел адамның және 5 баланың денесі табылды.

Марқұм әйелдің күйеуі Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу