"Жолдасым қарсы болып отыр": Ерке Есмахан су басқан өңірлерге көмек беруге қатысты пікір білдірді

6621

Танымал әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға берілетін көмекке қатысты ойын айтты, деп жазды inbusiness.kz сайты.

"Жолдасым қарсы болып отыр": Ерке Есмахан су басқан өңірлерге көмек беруге қатысты пікір білдірді Фото: РИА

Өнерлі жұп Ыстамбұл қаласына демалысқа аттанған еді.

"Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қаншама үлкен-кіші қайырымды істерімізді айтқызбады. Әрі қарай да жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда", – деп жазды әнші. 

Өнер иесінің айтуынша, халықты сендіру үшін бәрін ашып жазуға дайын екен. Өйткені тыңдарман қауым қол қусырып отыр деген әңгіме таратып жатқан көрінеді.

"Менің жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей. Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!" – деп үмітін үзбеді әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу