Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда жасөспірімді көлік қағып кетті

543

Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жолды кесіп өтпек болған: Алматыда жасөспірімді көлік қағып кетті

Алматыда жолды кесіп өтпек болған 17 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қыркүйек күні түнгі сағат 23:55 шамасында Алатау ауданында болды. 

"BMW" маркалы автокөліктің жүргізушісі - 1994 жылы туған К. есімді азамат, Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргінші - 2006 жылы туған Ш. есімді азаматты белгі қойылмаған жерден солтүстікке қарай жолды кесіп өтіп бара жатқанда қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды",- деп хабарлады ведомстводан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу