Жолды күтіп ұстай алмаған әкімдер 4 млн теңге айыппұл төлейді

1484

Ауыл басшылары сапасыз жол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жолды күтіп ұстай алмаған әкімдер 4 млн теңге айыппұл төлейді

Жыл басынан бері Павлодар облысындағы жергілікті және республикалық маңызы бар жолдардан 2027 кемшілік анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы, Павлодар облысының аумағында 5441,1 шақырым жол бар. Жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері 890 тексеріс жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде 2027 ақаудың барын анықтады.

"Тексеру қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою үшін 895 ескерту берілді. 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында ауыл мен ауылдық округтердің 21 әкімі бар", - дейді әкмішілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Атап айтқанда, ауылдың 18 басшысы жолды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны, қалған 3 әкім полиция өкілдерінің бұған дейін берген ескертуін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы шамамен 4 млн теңге болатын айыппұл салынды.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар 92 теміржол өткелін тексерді. Оның барысында жол белгілері мен жарық шамдарының болмауы, теміржол жабындысының нашар болуы сияқты кемшіліктер анықталды.

Ажар Дәулетова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу