"Жолды жауып тастаған": Талғардан тыныштық кетіп, тағы атыс болды

4698

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы кафелердің бірінің алдында атыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жолды жауып тастаған": Талғардан тыныштық кетіп, тағы атыс болды Фото: видеодан алынған кадр

Видео авторы: "Ауылдастар, Талғарға барсаңыздар, басқа жолмен жүргендеріңіз жөн. "Бастау" кафесінің алдында атыс болды, көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр, жол жабық", – деп ескертеді.

Белгілі болғандай, "Бастау" кафесі Талғар тас жолында, Тұздыбастау ауылында орналасқан. Жолда бірнеше патрульдік полиция көліктері тұрғаны байқалады.

"Бұзақылық фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы полицияға жеткізілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда",  деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу