Жолға ақы төлеуге дайынсыз ба?

303

Ақтау-Бейнеу бағытындағы тас жол ақылы болады.

Жолға ақы төлеуге дайынсыз ба? Фото: Inbusiness.kz

Алдағы уақытта Маңғыстауға қарай сапарлататын болсаңыз, жол ақысын төлеуге дайын болыңыз! Өйткені, көлік министрлігі Ақтау-Бейнеу бағытындағы тас жолды ақылы қылуға ниетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Енді елімізде 11 бағытқа қатынайтын тас жол ақылы болмақ. Ақтау - Бейнеу солардың қатарына кіреді. Нәпақасын жолаушы тасымалдаумен тауып жүрген көлік иелері бұған қуана қоймапты. Үкіметке салық төлегеніміз аздай енді жолға ақы төлесек, қалтамызға түсер пайда азаяды, деп отыр. Біз де жолақыны көтеруге мәжбүр боламыз, дейді.

"Трассаны қазір ақылы жасаймыз деп жатыр. Халыққа да, бізге де оңай емес. Екі жақты келісім бойынша, салық төлеп отырмыз біз. Назбол дейтін бар бізде. Ташкент арқылы келеді. Енді таксистерге де салыстыратын болсақ, оларға да оңай емес. Басқа не айтамын, әрине қарсымын енді", - дейді "Azia trans" компаниясы директорының орынбасары Роман Жанғалиев.  

Расында жүргізушілердің уәж айтар жөні бар. Өйткені, бүгінгі таңда екі бағытта қатынайтын тас жолдардың кем-кетіктері жоқ емес. Сондықтан, мамандар жолға ақы алмас бұрын ақауларды реттеуге міндетті. Жауапты мамандар да бұл мәселеден хабардар.

"Ақтау-Бейнеу бізде келесі жылдың жоспарында бар. Ол жолды ақылыға енгізу. Бірақ айта кететін жайт, ол жолды біз келесі жылы толығымен ақауларының барлығын жөндеп, қалыпқа келтіріп, ақылы жолға лайықты болған кезде ғана барып ақылыға енгізіледі. Оған дейін ол ақылы жол болып саналмайды. Ақылы жол болып енгізілмейді", - деді "Қазавтожол" ҰК АҚ" дирекциясы директорының орынбасары Мерей Шахарбаев.

Жол ақылы болғаннан кейін қаражат толық жолды күтіп ұстауға жұмсалады. Бүгінде елімізде ақылы жүйе қарқынды жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 1 санаттағы жолдар үшін 1 шақырымға 1 теңге 20 тиын төлесе, екінші санаттағы жолдар үшін 1 теңгеден де аз төлейді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу