Жолсерік тоққа түсіп қайтыс болды

1580

Қайғылы оқиға елорданың бұрынғы темір жол вокзалында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жолсерік тоққа түсіп қайтыс болды

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақталмауынан, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, қазір төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалы жүріп жатыр.

"Бұл іс бойынша басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабы бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды", – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу