№ 378 "Маңғышлақ-Алматы" пойызында Өзбекстан азаматы босанып қалды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Ақтаудан Ташкентке шыққан Феруза Ахметова діттеген жеріне жетпей, жолда толғатты. Әйелді жолсеріктер босандыруына тура келген.
Сексеуіл станциясына жеткенде медициналық көмек те келіп жетті. Жолсеріктер купесінде дүниеге келген сәбиге Дениз есімі қойылды. Қазір Феруза нәрестесімен Аралдағы перинатальдік орталықта, жағдайлары жақсы, енді ертерек елге жеткісі келеді.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" филиалының директоры Асқар Шүкірбековт пойыз бастығы Қобыланды Нысанбаевқа, жолсеріктер Нұрлан Сапаров пен Қалыбек Ерсапарға алғыс жариялайтынын айтты.
Темір жол көлігіндегі мұндай жағдай бір айда осымен екінші рет қайталанып отыр. Жолсеріктердің көмегімен 7 наурызда Арқалық қаласының тұрғыны Әселхан Аманбаева "Астана-Арқалық" пойызында ұлды болған еді.