Жомарт Әлиев Экология вице-министрі болып тағайындалды

297

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жомарт Әлиев Экология вице-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жомарт Шияпұлы Әлиев экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жомарт Әлиев 1969 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысы Краснояр совхозында механизатор болып бастаған.

1993-1999 жылдары – "Васильков ТКБК" комбинатының ашық тау-кен жұмыстары кеніші қиыршық тас өндіру учаскесінің шебері.

1999-2002 жылдары – ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің металлдар және көмірсутегі шикізаты бөлімдерінің бас маманы.

2002-2005 жылдары – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті "Орталыққазжерқойнауы" аумақтық басқармасының Жер қойнауын қорғау және пайдаланудың Павлодар аймақтық инспекциясының бастығы.

2005-2009 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2009 жылы – ҚР Қорғаныс министрлігі Шарттық қызметті бақылау және мониторинг басқармасының бақылау бөлімінің бастығы.

2009-2010 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерде болды.

2010-2012 жылдары – ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Мемлекеттік бақылау және рұқсат беру басқармасының сарапшысы; бас сарапшысы.

2012-2014 жылдары – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2017 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.

2017-2022 жылдары – "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ-да қоршаған ортаны қорғау бойынша маман.

2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу