Жомарт Ертаев Қазақстанға берілмейтін болды

969

Жомарт Ертаев Қазақстанға берілмейтін болды

"Алмател Қазақстан" компаниясының бұрынғы бас директоры әрі тең қожайыны Жомарт Ертаев Ресейде қалатын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

РФ бас прокуратурасы бұрынғы банкир әрі Қазақстандағы ірі телекоммуникациялық компания саналатын "Алмател Қазақстан" АҚ-ның ("Алма" ТВ) басшысы Жомарт Ертаевты Қазақстанға беруден бас тартты.Ол елімізде RBK банкінен 80 млн доллар жымқырды деп айыпталып отыр, алайда оның қорғаушылары бұл айыптаудың негізсіз екенін дәлелдеп берген. Ертаев Ресейде босқын мәртебесіне қол жеткізді, деп жазады Коммерсант басылымы.

"Біз және біздің сенімгеріміз Жомартты үй қамағынан босату туралы ресми хабарламаны қолға алған кезде оны Қазақстанға бермейтіндігіне сенім пайда болды және қырсықтың бәрі артта қалды деуге болады", – деп мәлім етті қорғаушысы Алексей Петров.

Қорғаушының айтуынша, осылайша қадағалаушы ведомство оған эстрадациялаудан бас тарту туралы шешімді де танысып шығуға ұсынған.

Сонымен қатар қорғаушы Ресей ІІМ-нің Мәскеу қаласы бойынша көші-қон мәселелері жөніндегі басқармасының клиентіне босқын мәртебесін бергеннен кейін эстрадациялаудан бас тартылғанын атап өтті.

Банкир өзі директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған жергілікті Bank RBK АҚ-дан 80 млн долларды жымқыруға қатысқан.

Биылғы жылдың маусымында Алма ТВ акциясының 100%-ына иелік ететін "Asset Invest" компаниясы банкрот деп танылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу