Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

1348

Оған BANK RBK-ның 144 миллиард теңгесін жымқырған деген күдік келтірілді.

Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

ҚР бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресейден Жомарт Ертаевты экстрадициялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Оған өткен жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланған еді.

"Жомарт Ертаевқа 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы "BANK RBK" АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдік келтірілді. Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары – бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріповтер күдіктілердің ішінде", – делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынған.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Жомарт Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу