Жомарт Ертаев түрмеден босатылды

323

Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

Жомарт Ертаев түрмеден босатылды Фото: ertenmedia.kz

Bank RBK-ның бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев жазасын толық өтеп, түрмеден босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ол сот тағайындаған жазасын толық өтегендіктен босатылды", – деп хабарлады комитет.

Жомарт Ертаев бостандыққа шыққанымен, алдағы алты жыл бойы құқық қорғау органдарының әкімшілік бақылауында болады.

"Әкімшілік бақылау құқық қорғау органдарының түрмеден босатылғаннан кейінгі адамның мінез-құлқын заңды түрде қадағалау үшін жүргізіледі", – деп түсіндірді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Жомарт Ертаев 2018 жылдың мамыр айында Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталған. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу