ШҚО Тарбағатай ауданының тұрғыны Бәделхан Кәмәлханұлы өз жерлестеріне игі іс жасап, сауапқа кенелді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Кәсіпкер азамат тұрмысы төмен 13 отбасыға бір-бір жылқыдан сойып берді. Бұл туралы Қанат Оралбек есімді азамат Facebook парақшасында жария етті.
"Тарбағатайлық азаматтар ежелден жақсылыққа бастамашы. Бәделхан Кәмәлханұлы ағамыз 13 мұқтаж отбасыға бір-бір жылқыдан сойып беріпті. Аудан кәсіпкерлері тегін көмір мен азық-түлік таратып жатыр екен. Көпке үлгі боларлық игі іс",– деп жазды автор.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу