Жөндеу жұмыстары кезінде әл-Фараби даңғылы арқылы қалай қатынауға болады?

Қаладағы көлік кептелісін сейілту үшін Алматының ең үлкен көшесінің бірнеше бөлігі ашылды.

Жөндеу жұмыстары кезінде әл-Фараби даңғылы арқылы қалай қатынауға болады? Фото: 7kun.kz

Бұл туралы шаһар әкімдігі хабарлады. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әл-Фараби даңғылының бойында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін өткізу қабілетін арттыру үшін 12.07.2023 ж. бастап 13.07.2023 ж. дейін мынадай шаралар қабылданады:

- 12.07.2023 ж. сағат 06.00-ден бастап әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін кері қозғалыс жолымен көлік құралдарын бұру ұйымдастырылады;

- 06.00-ден бастап 15.00-ге дейін шығыс бағытта екі жолақты қозғалыс, батыс бағытта бір жолақты қозғалыс ұйымдастырылады;

- 15.00-ден бастап 21.00 сағатқа дейін батыс бағытта екі жолақты, шығыс бағытта бір жолақты шозғалыс ашылды. 

- Тәуліктің кешкі уақытында сағат 21.00-ден бастап жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Жароков көшесі бойынша көлікті солтүстік бағытта бұруды ұйымдастыра отырып, шығыс бағыттағы қозғалыс толығымен жабылады. 

"Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік 6 экипажы қарастырылған, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсив басталғанға дейін екі жағынан көлік ағындарын бөлетін металл турникетінің 25 данасы болады (100 м)", – деп жазылған хабарламада. 

 

әл-Фараби даңғылындағы Ремизовкадан шығу "Есентай-Молл" Оңтүстік тұрақ аймағы арқылы ұйымдастырылады. Мұнда да жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдың полиция экипажы тұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу