Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, автокөлік жолдарын орташа жөндеу аясында жөндеу жұмысты басталады.
Дәлірек айтсақ, 19-25 сәуір аралығында Тұран даңғылының "Сарыарқа" сауда-ойын-сауық орталығынан "Keruen City" сауда-ойын-сауық орталығына дейінгі бөлігіндегі екінші кезектегі өту жолы жабылады.
Сонымен қатар, 19-29 сәуір аралығында Ахмет Байтұрсынов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қасым Аманжолов көшесіне дейінгі учаскесі жөнделеді.
Сәуірдің 19-нан 30-на дейін Тәуелсіздік даңғылының Қ. Мұнайтпасов көшесінен Ж. Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде тиісті жұмытар жүргізіледі;
Осыған байланысты бұл учаскелерде автокөлік қозғалысы жартылай тоқтатылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағытын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз.