Жөндеу жүргізілгеннен кейін "Медеу" мұз айдынында халықаралық жарыстар өткізіледі

169

Жөндеу жұмыстары үш жылға созылмақ. 

Жөндеу жүргізілгеннен кейін "Медеу" мұз айдынында халықаралық жарыстар өткізіледі Фото: Казахстанская правда

Медеу мұз айдынына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов сенаторлардың сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға сәйкес Медеу мұз айдынын жаңғырту жұмыстары 2025-2027 жылдарға жоспарланған, ол жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазір бюджет заңнамасына сәйкес процедуралар жүргізіліп жатыр. Қайта құру жұмыслары аренаның техникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша Медеу халықаралық конькимен жүру одағының халықаралық жарыстарды өткізу туралы талаптарына сәйкес болады", - деді Премьер-министр.

Олжас Бектенов Алматы қаласының әкімдігі аренаны қайта жаңғырту шеңберінде хоккейден жарыс өткізу (бэнди), мұз шоуы мен көрсетілімдер өткізу үшін оның функционалды мүмкіндіктерін кеңейту шараларын қабылдамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу