Еліміздің ғалымдары Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ілбісті фототұзаққа түсіріп алды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
"Қазақстанда шамамен 130-150-ге жуық ілбіс (қар барысы) мекендейді. Ұлттық парктің мамандары жабайы жануарлардың саны мен қорғалуын бақылауды ескере отырып фототұзақтар орнатқан болатын. Биыл Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камера объективіне 5 рет ілікті. Соңғы кадрлар 2019 жылдың қарашасында түсірілген", - деп жазады Сәкен Ділдахмет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу