Жөңкілген су Баянауыл ауданына жетті

758

Жөңкілген су Баянауыл ауданына жетті

Павлодар облысы Баянауыл ауданының тұрғындары биыл судың әдеттегіден көп екенін айтып отыр, деп хабарлайды inform.kz.

Қардың көп түсуінен 2017 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында су деңгейі көтерілді. Тұрғындардың көпшілігі өз елдімекенінен кетуге қорқады, себебі республикалық маңызы бар трассаларға шығар жолды су басқан.

"Қар суы таудан да, жазық даладан да келіп жатыр. Менің ойымша, бүгін түнде қар ери бастады. Су тағы 10 күн жүреді. Негізгі тасқын жолына төсемені нығайттық және қосымша тағы 3 шақырым үйінді тұрғыздық. Суды ауылдан бұрып әкету үшін трасса арқылы канал қаздық. Осылайша суды далаға жібереміз", – дейді Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов.

Ауданның Жаңатілек, Қараащы, Теңдік және Көктомпақ ауылдары су астында қалуы мүмкін екенін айтады аудан әкімдігі. Олар Қарағанды облысымен шекаралас аумақта орналасқан. Үйлерді су баспауы үшін құтқарушылар елдімекендерде тәулік бойы кезекшілік етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу