"Өмірде ең жаманы – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі": Жанқош Тұрардың әйелі көпшіліктің сұрағына жауап берді

36225

Клара Иса спортшының сегіз жылдан бері заңды некедегі әйелі. 

"Өмірде ең жаманы – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі": Жанқош Тұрардың әйелі көпшіліктің сұрағына жауап берді Фото: instagram.com / klarita_os

Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады дегенге спортшының әйелі Клара Иса сенбейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Клара Иса спортшының сегіз жылдан бері заңды некедегі әйелі. Ол жеке парақшасында трендке қатысты видеосын жүктеп, ер мен әйелдің бір-бірлеріне жиі қоятын сұрақтарын тізді. 

“8 жылда күніне 1045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды блогер келіншек. 

Желі қолданушылары видеоның астына қоғамды шулатқан бойжеткен қыздың мәселесін жарыса жазып жатыр. 

“Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деген сұраққа блогер де үнсіз қалмады.

“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу