ЖОО-ға құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды

775

Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖОО-ға құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды

"Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді", — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоо-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.

Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу