ЖОО-ға түсу үшін шығармашылық емтихан дәстүрлі түрде өтеді

1763

Талапкер таңдаған оқу орнына барып, өтініш жазады.  

ЖОО-ға түсу үшін шығармашылық емтихан дәстүрлі түрде өтеді

БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев биылғы түлектердің шығармашылық емтиханды қалай тапсыратынын айтты.

"Шығармашылық емтихан жылдағыдай дәстүрлі түрде өтеді. Емтихан мерзімі өзгермейді. Мүмкіндік болса, таза ауада: стадиондарда, амфитеатрларда өтеді. Емтихан кезінде санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп сақталады. Талапкер таңдаған оқу орнына барып, өтініш жазады. Сол оқу орыны бекіткен бағдарлама бойынша емтихан тапсырады. 5 мамандық бойынша осындай емтиханды онлайн жүргіземіз, қалғанын талапкерлер келіп тапсырады. Мысалы, денешынықтыру және спорт бағытындағы емтихан стадионда өтеді", – деді Әділет Тойбаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу