ЖОО қызметкерлеріне төленетін үстемеақы 1,5 есе артады

534

 Қызметкерлердің ғылыми дәрежесі мен атағы ескеріледі.

ЖОО қызметкерлеріне төленетін үстемеақы 1,5 есе артады Фото: Толқын

Қазақстанда жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында айтты.

Президенттің айтуынша, университеттердегі ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі қозғаушы күші – докторанттар.

"Ғылыми-жаратылыстану, инженерлік-технологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мықты ғылыми орталықтар мен институттарды ашу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыра бастаған жөн. Бұдан бөлек, қазіргі ғылыми-зерттеу институттары қызметінің тиімділігіне сараптама жасау өте маңызды. Сондай-ақ жас ғалымдарға тартымды болу үшін институттардың жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру керек. Ғылыми кадрларды даярлаудың мәні зор. Бүгінде университеттердегі ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі қозғаушы күші – докторанттар. Әйтсе де олардың саны біздің жоғары оқу орындарында білім алушылардың 1 пайызына да жетпейді", деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы өкілетті органдарға докторантураға қабылданатындардың санын тиісті деңгейге жеткізуді тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, 5 мың жеткілікті цифр. Министрлік бұл мәселені қайта қарап, оның нақты саны мен санатын анықтауы және тиісті шешім қабылдауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу