ЖОО онлайн оқуға көшсе төлемақы төмендей ме? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның сөзінше, қашықтан оқыту арқылы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының шығыны азаймайды, барлық мұғалімдердің жалақысы да сақталады. Жалпы, дайындық курсының көлемі де өзгермейді. Сонымен қатар, университеттер қашықтық форматқа ауысқанда, бұл бастапқыда қосымша шығындарға – сервердің жаңа мүмкіндіктеріне, байланыс арналарын, ішкі ақпараттық жүйелерді кеңейтуге алып келеді. Сондықтан оқу орындары онлайн оқытса да төлем құны төмендемейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу