ЖОО-лар жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан айырылып жатыр

999

Қазіргі таңда лицензиядағы 17 мамандық бойынша қосымша қайтарылып алынды.

ЖОО-лар жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан айырылып жатыр

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан айырылып жатыр. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Вице-министрдің сөзінше, ЖОО-лардың жауапкершілігі жыл санап артып келеді. Олардың бірқатары бірігіп, "Академиялық адалдық лигасын" құрғалы жатқанын жариялаған көрінеді.

"Біз бұл қадамды қолдаймыз. Сонымен бірге, министрлік тарапынан ЖОО-ларға білім бағдарламасымен қатар жұмысқа тұру тұрғысында да талаптар күшейтіліп келеді", – дейді А.Аймағанбетов.

Бұл күнде жоғары білім алып шықса да, жұмыс таба алмай жүрген түлектер аз емес. БҒМ бұдан былай ондай оқу орындарына келгенде, "Қажетті мамандарды дайындап жатырсыздар ма? Ол мамандықтың қажеті бар ма?" деген сұрақтарды үнемі алға тартып отыратын болады.

"Қазіргі таңда лицензиядағы 17 мамандық бойынша қосымша қайтарылып алынды. Дәлірек айтсақ, жалпы ЖОО-дан емес, жекелеген мамандықтар бойынша лицензиялар қайтарылып алынады. Мәселен, белгілі бір университеттен "философия" пәні бойынша лицензия қайтарылады. Себебі, ол пәндерді оқыту талаптарға сәйкес келе бермейді", – дейді Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу