ЖОО-ларда директорлар кеңесі құрыла бастады

653

Директорлар кеңесі жоғары оқу орнының стратегиясы мен маңызды шешімдерін қабылдайды.

ЖОО-ларда директорлар кеңесі құрыла бастады

БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жоғары білім саласындағы өзгерістер жайлы айтып өтті.

"Бірқатар жоғары оқу орны коммерциялық емес қоғамдық ұйым ретінде трансформациялану үшін көп жұмыс атқарды. Қазіргі кезде осы 25 ЖОО-да директорлар кеңесі құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік мүлік, бизнес, "Атамекен" палатасы, Президенттік жастар кадрлық резерві өкілдері кірді. Директорлар кеңесі жоғары оқу орнының стратегиялық бағытын анықтап, шешімдер қабылдайды. Сонымен қатар ректор лауазымына осы қайта құрылған қоғамдардың басқарма төрағалары ашық конкурс негізінде іріктеу жүргізеді. Ректор лауазымын иемдену үшін нақты талаптарға сай келетін кез келген адам конкурсқа қатыса алады", – деді Әділет Тойбаев. 

Департамент директорының мәліметінше, ректор лауазымына іріктеу байқауы екі турдан тұрады. Бірінші кезеңде үміткерді осы директорлар кеңесі қарайды, ал екінші кезеңде республикалық комиссия шешім шығарады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу