ЖОО-лардың білім сапасына қатысты жауапкершілігі артады

658

Жоғары оқу орындарында академиялық еркіндік кеңейіп, 85%-ға жеткен.

ЖОО-лардың білім сапасына қатысты жауапкершілігі артады

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлім етті. Вице-министрдің сөзінше, магистратура мен докторантура деңгейіндегі академиялық еркіндік 95-100%-ға дейін жетіп отыр.

"Академиялық еркіндікті кеңейту – білім сапасын жетілдірудің негізгі құралдарының бірі. Білім сапасына жоғары оқу орындары жауап береді. Ал 2021 жылдан бастап ЖОО-лар өз дипломдарын бере бастайды. Бұл да білім сапасына қатысты жауапкершілікті арттырады. Сондай-ақ ЖОО-лар әртүрлі салада жұмыс істеп жүрген мамандарды оқытушылық қызметке шақыра алады. Бұрын штаттық қызметкерлер санына қойылатын шектеу болатын, ол шектеу алынып тасталады. Бұндай шаралар білім беруді тәжірибеге ұластыруға мүмкіндік береді", – деді Мирас Дәуленов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу