Еліміздегі жоғары оқу орындары академиялық дербестікке көшуі мүмкін. Жарты жылдан бері осы мәселеге қатысты мәжілісте талқыланып жатқан заң жобасы ұлт жоспарының 78 қадамы аясында ұсынылған, деп хабарлайды khabar.kz.
Бірқатар мәжіліс депутаты Алматыдағы жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесіп, академиялық дербестікті енгізу жолдарын талқылады. Жаңа жүйенің негізгі ерекшелігі, білім беру бағдарламасының анағұрлым ашық әрі тәуелсіз болуында. Сәйкесінше білім сапасы арта түспек. Өйткені бұл тұрғыда қоғамдық бақылау күйшейтіледі.
"Академиялық дербестікті бергенде ең басты мақсат – білімнің сапасын көтеру. Қазақстан Болон декларациясына қол қойған, 2009 жылдан бері соның негізгі принцптерін ұстанып келе жатыр", - дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев.