Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындары оқытушылары арасында өтетін "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" конкурсын өткізу тәртібін өзгертуді ұсынды.
Министрдің сөзінше, бұл өзгерістер 2000 АЕК көлемінде грант берілетін атылмыш байқаудың сынға жиі ұшырап жүргеніне байланысты болып тұр.
"Ұсынылып отырған өзгерістерді бір апта талқылайтын боламыз. Қазан айының соңында тиісті бұйрықты қабылдаймыз. Биылғы "Үздік оқытушы" конкурсын жаңа бұйрық шеңберінде өткіземіз. Егер қандайда бір ұсыныстарыңыз болса, бізге беруге әлі де мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл маңызды конкурста бізге керегі – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету. Сондай-ақ, цифрландыру мәселесі мен әдістемелік жағын шешуіміз керек. Әр түрлі алып-қашпа сөздер бар. Егер конкурс ашық өтетін болса, сенім де қалыптасады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Нұржан Көшкін