ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша пайыз өсті?

966

Жалақыны өсіру мемлекеттік білім тапсырысының құнын арттыру есебінен жүргізілді.

ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша пайыз өсті? Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысының ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғалымдарының жалақысын арттыру тапсырмасы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі еңбекақы қанша пайызға өскенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекеттік жоғары оқу орындарында қосымша ақылар мен үстемеақыларды ескере отырып, педагогикалық оқытушы құрамның жалақысы 160,7 мың теңгеден 210,1 мың теңгеге дейін немесе 30,7 пайызға, ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мың теңгеден 283,7 мың теңгеге дейін немесе 24 пайызға көтерілді", – делінген министрліктің Ашық НҚА порталында жарияланған құжатқа берген түсіндірме жазбасында.

Оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын өсіру мемлекеттік білім тапсырысының құнын арттыру есебінен жүзеге асырылған. 

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған түрлі мамандықтар бойынша білім гранттары құнының кестесінен бір мемлекеттік білім тапсырысының құны шамамен 100 мың теңгеге артқанын байқауға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу