ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

1416

Профессордың жалақысы 270 мың теңгеге жетті. 

ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев  университет оқытушыларының жалақысын көтеру жөнінде жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. 

"Жалпы өткен жылы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы орта есеппен алғанда 20%-ға өсті. Былтыр ұлттық ЖОО профессорлының алатын жалақысы 153 мың теңгеден 210 мың теңгеге дейін, ал мемлекеттік ЖОО профессорының айлығы 165 мыңнан 209 мың теңгеге дейін өскен болатын. Қазіргі кезде бұл жұмыс одан ары жалғасуда. Биылғы ақпарат бойынша, профессор жалақысы ұлттық университеттерде 29%-ға өсіп, 270 мыңға жетті. Мемлекеттік ЖОО-ларда орташа алғанда 19%-ға өсті. Бұл оқу орындарында профессорлар 248 мың теңге алады", – деп мәлім етті департамент директоры.

Әділет Тойбаевтың айтуынша, тек профессорлардың ғана емес, доценттер мен оқытушылардың да табысы өскен. Мәселен, ұлттық университет оқытушысының айлығы 32%-ға дейін көбейген.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу