ЖОО студенттерінің құқығын қорғайтын арнайы омбудсмен болады – Ғылым және жоғары білім министрі

699

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек омбудсменді штаттық кесте бекітілгеннен кейін ресми таныстыратынын хабарлады.

ЖОО студенттерінің құқығын қорғайтын арнайы омбудсмен болады – Ғылым және жоғары білім министрі

Кезектен тыс Президент сайлауы келе жатыр. Студенттерді сайлауға қатысуға мәжбүрлеу, ақы төлеу арқылы үгіт-насихат жұмыстарына жұмылдыру секілді әрекеттерге жол беріле ме? Студенттер мұндай қысымға тап болса, қайда жүгіне алады?

Журналист сұрағына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біріншіден, біз жаңа, әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Президент ондай әрекеттерді өте қатты бақылап, тыйым салады. Министрлік тарапынан ұйымдастырылған, арнайы ондай әрекеттер болмайды. Тағы да мынадай бір жүйелі шешімін таптық. Енді студенттердің құқықтарын қорғайтын арнайы омбудсмен болады. Ол көп студенттерге танымал, белсенді сондай азаматшамыз Айсұлу Ерниязова. Өкінішке қарай, бізде ресми түрде министрліктің қазір штаттық кесте бекітілмеді. Келесі айдың басында бекітуді жоспарлап отырмыз. Бекітілгеннен кейін ресми түрде хабарын береміз", – деді министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, кез келген жоғары оқу орнының студенті заң бұзушылық немесе әкімшілік тарапынан шектеулер болған жағдайда омбудсменге өз шағымымен, ұсынысымен жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу